«Nursultan 7 ясли-сад» ЖШС балабақшасы 2020ж ғимараты салынып, 2021ж қолданысқа беріліп, қыркүйек айында өз жұмысын бастады. Жалпы жобалық қуаты 263 балаға рұқсат етілген. Топ саны – 11. Штаттық кестеге сәйкес қызметкерлермен қамтылған.

Мектеп жасына дейінгі кезең өте сақтықты, қателеспеуді, сауатты тәрбиелеуді қажет ететін және бала эмоциясының нәзік кезеңі. Мектепке дейінгі бүлдіршіндер ерекше қарым-қатынастарды талап етеді. Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгiш келеді. Сондықтан, бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды. Балабақша меңгерушісі Тажиданова Алмажай Тажидановна басшылығымен ұжым мүшелері бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасауда. Оқу-тәрбие жұмысы білім мазмұнын жаңартудың 5 саласы бойынша ұйымдастырылады. Балаларды дамытып, қабілеттерін ашу мақсатында негізгі білім стандартынан бөлек қосымша 5 сабақ қарастырылған. Яғни логопед, ағылшын, тұз шахтасы, таэкванда, хореография сабақтары кіріктірілген.

Балабақша ұжымы жаңа бағдарламаларды енгізу жағдайына бейімделіп, көптеген жетістіктерге жетуде. Балабақшаның материалдық базасы заманауи талаптарға сай жасақталған. Музыкалық зал, демалыс, асхана, дәрігерлік қызмет түрлері толық жабдықталып қамтылған.

 

Атауы:

«Nursultan 7 ясли-сад» ЖШС балабақшасы

Тәрбие беру тілі:

Қазақ тілі

Тип:

Жеке

Жұмыс тәртібі:

Бес күндік жұмыс аптасы, сағат 08:00-ден 18:30-ге дейін

Қосымша жабдықтау:

психолог кабинеті; кеңес беру пункті; логопед, ағылшын кабинеті, АКТ залы.

Телефон:

87074395135

Web-сайт:

https://nursultan7.kz/kz/

Мекен-жай:

Ақтөбе қаласы, Тәуелсіздік 18А н.п 1а